Автонесие бағдарламасы қашан іске қосылатыны белігілі болды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылатын уақтытты айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бағдарлама сәуір айында іске қосылады. Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде нормативтік актілер әзірленіп жатыр», –  деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, бағдарламаның орындалуына 100 млрд теңге мен «Оператор РОП» ЖШС шоттарында жиналақталған қаражат бағытталады. Бұл бағдарлама аясында қазақстандықтар тек отандық өндірістегі көліктерді бастапқы жарнасыз жеті жыл мерзімге 4%-бен сатып ала алады.

Бүгінде қазақстандық өндірісте автокөліктердің келесі брендтері қолжетімді: Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA.