ӘлемЖаңалықтарТаңдаулы1

Аз жұмыс істе. Францияда наубайхана иесіне тым белсенді жұмысы үшін 3000 еуро айыппұл салынды

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — Француз билігі наубайхана иесіне жеті күн бойы жұмыс істегені үшін €3000 айыппұл салды, деп жазады The Washington Post.

Седрик Вайвртің Париж маңындағы Люзиньи-сюр-Барс қаласында наубайханасы бар. Ол туристік маусым кезінде барынша көбірек пайда табу мақсатымен апта бойы тоқтамастан жұмыс істеуді шешкен. Алайда жергілікті заң бойынша шағын бизнес өкілдері апта ішінде жоқ дегенде бір күн демалуы керек. 3000 еуро айыппұл салынған соң, Вайвр жергілікті радиоға сұхбат беріп, жұмысын жақсы көретінін, айыппұлмен келіспейтінін айтқан. Енді тұрғындар заңды өзгерту туралы онлайн-петицияға қол қойып жатыр. Екі мың адам тұратын қалашықта петицияға үш мың қол қойылған.

Tags

Осы айдарда

Close