Қазақстан 11,1 млрд долларға мұнай сатты

11,1 млрд
Фото: sprottmoney.com

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – Қазақстаннан 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде шетелге 11,1 млрд доллардың 22,4 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды.

Статистика және мемлекеттік кірістер комитеттерінің мәліметі бойынша, елімізден 4 айда Италияға 3,6 млрд долларға 7 млн тоннадан астам өнім жеткізілген.

Сонымен қатар, сатып алушылар қатарында Нидерланды (3,2 млн тонн), Франция (2,7 млн тонн), Швейцария (1,6 млн тонн), Румыния (1,2 млн тонн), Испания (1,1 млн тонн) мен Корея Республикасы (1 млн тонн) бар.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінен Ресей есепті кезеңде 27,8 мың тонна және Беларусияға 5,6 мың тонна шикі мұнай сатып алған.