Қазақстан билігі Марғұлан Сейсембайдың елдегі қауіпсіздігіне кепілдік берді

186
Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан билігі қауіпсіздігіне кепілдік берген соң бизнесмен Марғұлан Сейсембай елге қайта оралатын болды. Бұл туралы ол facebook- тегі парақшасына жазды.

«Достар, мен Қазақстанға оралып жатырмын! Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және менiң отбасымның қауіпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасуда, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз! Менiң жағдайымды түсiнiп, ақыл кеменгерлiктi көрсеткен «жоғарыдағы» кiсiлерге (аттарын атамайақ қояйын) рақмет айтқым келедi! Маған барлық көмектерiн аямай қызмет көрсеткен барлық адамдарға рақмет!Менiң барлық достарыма, жазылушыларыма бей жәй еместiк үшiн, қамқор мен ниет үшiн көптен көп рақмет! Қазақстан мен менi сүйемiн! Қазақстанда көрiскенше!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, ол қаңтардың 10 күні құқық қорғау органдары жауапқа ала бастағандықтан елден кетіп қалғанын жазған еді. Жазбасында отбасы мен өзінің қауіпсіздігіне кепілдік болса Қазақстанға қайта оралатынын жазған болатын.