Қазақстан Doing business рейтингінде 41 орынға көтерілді

Қазақстан Әлемдік банк және Doing Business Халықаралық қаржы корпорациясының рейтингінде өз позициясын жақсартты. Бұл туралы шетелдік басылымдар хабарлайды.

Жарияланған рейтинг баяндамасына сәйкес, Қазақстан 53 орыннан 41 орынға көтерілді. Doing Business-тің рейтингін он жыл қатарынан Сингапур бағындырып келеді. Рейтингтің басты көшбасшылары — Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Гонконг, АҚШ, Швеция, Норвегия және Финляндия.

Бизнес үшін тиімді орталықтар- Эстония (16 место), Литва (20), Латвия (22), Грузия (24), Армения (35), Белоруссия (44) және Ресей(51). Украина 83 орынға, Өзбекстан 87 орынға, Тәжікстан 132 орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Қазақстан ең көп реформалар жүргізген елдердің қатарында (7) аталды.

баяндамасы осымен он үшінші рет жарияланып отыр. Зерттеу авторлары 189 елді кәсіпкерлік қызметті реттеуге байланысты 10 критерий бойынша саралап анықтады: жаңа бизнесті дамытуға кеткен қаржы мен уақыт, құрылыс салуға рұқсат алу, электроэнергетикалық инфрақұрылымға қолжетімділік, жеке құқұқтарды реттеу, несие алу, миноритарлы инвесторлардың құқығын қорғау, салықтарды өтеу, халықаралық саудаға қатысу, келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және банкрот болмас үшін шаралар қолдану.

Рейтинг мемлекттердің танымал бір қалаларына қатысты жарияланды. Қазақстанда Алматы қаласы болды.