Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіргеннен кейін де мемлекеттік ауыл шаруашылық секторы тарапынан қазақстандық шаруаларға көмек көрсетіліп тұрады. Бұл туралы Астанадағы үкімет отырысы кезінде экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова мәлімдеді.
"5 жылға созылған келіссөздер нәтижесі бойынша Қазақстан ауыл шаруашылық өнімінің жалпы құнының 8,5%-ы көлемінде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болды. Негізі ДСҰ елдері үшін бұл стандарт 5% ғана", - деді ведомства басшысы. Ж.Айтжанованың сөзінше, үкімет жыл сайын "Агробизнес-2020" бағдарламасының аясында агрөндіріс кешеніне көмек көрсете алады. Осыған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ аясында отандық бизнес мемлекет қолдауынсыз қалмайды деп уәде берген еді. «Біз экономикамыз үшін ең өзекті сұрақтар бойынша келісімге келдік. Олардың арасында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесі бар. Дәл осы пункт бойынша күрделі келіссөздер өткіздік. Олар субсидияларды төмендетуді талап етті, бірақ біз өз позициямызды қорғап қалдық. Бізге ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын біріктірудің сәті түсті», — деп атап өтті президент. Еске салайық, Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша жұмыс тобының соңғы отырысы 22 маусымда Женевада өтті. Министрдің түсіндіруінше келіссөздер ауыл шаруашылығы, жүйелік сұрақтар, қызмет және тауар нарығына қолжетімділік тәрізді төрт бағыт бойынша жүргізілген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024