Қазақстан француздық компаниялармен 5 млрд доллар көлемінде келісім жасайды

Елбасының сөзінше, Францияның 24 компаниясы Қазақстанда 2 млрд доллар көлеміндегі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олардың ішінде «Альстом» электротасымал өндірісі, «Еурокоптер» тікұшақтары, «Пежо», «Ситреон» автокөліктері, «Данон» сүт өндірісі т.б. бар.

Франция — Қазақстанның экономикалық серіктестігін жүзеге асырушылардың қатарында. Екі ел арасындағы сауда қатынасы соңғы жылдарда 6 млрд долларды құрады. 10 жыл ішінде француздық бизнестің Қазақстан экономикасына салған инфестициясы — 12 млрд доллар. Қазақстан нарығында 130 француздық компания жұмыс істеп жатыр.

Фото: akorda.kz