Экономика
Қазақстан француздық компаниялармен 5 млрд доллар көлемінде келісім жасайды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаев Францияға сапары кезінде Airbus, Peugeot Citroen, Total, Aubert&Duval, Alstom Transport компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында 5 млрд долларды құрайтын келісім-шарттарға қол қойылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қыметі хабарлайды.
Елбасының сөзінше, Францияның 24 компаниясы Қазақстанда 2 млрд доллар көлеміндегі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олардың ішінде «Альстом» электротасымал өндірісі, "Еурокоптер" тікұшақтары, "Пежо", "Ситреон" автокөліктері, "Данон" сүт өндірісі т.б. бар.
Франция - Қазақстанның экономикалық серіктестігін жүзеге асырушылардың қатарында. Екі ел арасындағы сауда қатынасы соңғы жылдарда 6 млрд долларды құрады. 10 жыл ішінде француздық бизнестің Қазақстан экономикасына салған инфестициясы - 12 млрд доллар. Қазақстан нарығында 130 француздық компания жұмыс істеп жатыр.
Фото: akorda.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024