Қазақстан ипотекалық компаниясы Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығына мүше болды

146
ипотекалық
Фото: www.inform.kz

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан  ипотекалық компаниясы Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі атанды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес мекемесі – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығынан (ASMMA) қауымдастыққа ипотекалық мүше ретінде тіркелгендігі туралы растаманы алды.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» «ИҰ» АҚ Азиялық екінші ипотекалық нарықтың жаңа мүшесі болды. Аталған қауымдастықтың мүшелері — National Mortgage corporation of Malaysia «Cagamas», Japan Housing Finance Agency, Korea Housing Finance Corporation, Mongolia Mortgage Corporation, National Home Mortgage Finance Corporation (Philippines), PT Sarana Multigriya Financial (Indonesia), Secondary Mortgage Corporation (Thailand) болып табылады

Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығы (ASMMA) 2014 жылдың қыркүйек айында құрылды. Бұл Азиядағы барлық екінші ипотекалық корпорацияларға (ұйымдарға) ашық коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың миссиясы — қауымдастық мүшелігіне кіретін елдерде тұрғын үй қарыздарын алу үшін жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын жоғарылату үшін жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мақсатында идеялармен, пікірлермен және тәжірибелермен алмасу алаңын және негізін қамтамасыз ету.

«Бізде азиялық компаниялармен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі бар. 2017 жылы Кореяның тұрғын үйді қаржыландыру корпорациясымен (Korea Housing Finance Corporation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді біз Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі болдық. Біз үшін бұл Азия аймағындағы басқа елдермен тәжірибе алмасуға және олар жүзеге асырып жатқан жүйелер мен бағдарламаларды зерттеуге тамаша мүмкіндік»,-деді  «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма ТөрағасыӘділ Мұхаметжанов.