Қазақстан мен Сербияның тауар айналымы 33,3 млрд теңгеге жетті

Қазақстан

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — 7 қарашада Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербияның халық скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесті деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

Primeminister.kz сайтының мәлімдеуінше, 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында екі елдің арасындағы тауар айналымы 33,3 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есе көп.

Кездесу барысында екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, электр энергетикасы, құрылыс, туризм, көлік және фармацевтика салаларында, технологиялық жаңғыртуда, қалалану, су ресурстары және өзге де бағыттарда нақты инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазір Қазақстанда 24 серб кәсіпорны жұмыс істейді.

Бұған дейін 2016 жылдың тамыз айында Қазақстан президенті Нұрлан Назарбаев Польша мен Сербияға барғанда бірнеше келісімшарттарға қол қойған еді.