Выбор редактора
Қазақстан мен Қытай ауылшаруашылық саласы бойынша 6 келісімшартқа қол қойды
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - 7 қарашада Қытайдың Ауыл шаруашылық министрінің шақыруымен Қазақстан Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов Бейжіңге барды деп хабарлайды АШМ-нің баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасының төрағасы Ци Шупин және де қытайдың ірі компанияларымен екі жақты кездесу өткізді.
Кездесу аясында Қазақ-Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инвестициялық жобалар, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды:
1. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен «State Development and Investment Corporation» арасында Оңтүстік Қазақстан облысында Агроөнеркәсіп кешен салу туралы Меморандум;
2. «КазАгро» ҰБХ»АҚ және «Grand China Business Management Co.» компаниясы арасында бірінші класты бидай өнімдерін өсіруді ұйымдастыру жобасын қаржыландыру бойынша Меморандум;
3. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ мен Dalian Commodity Exchange арасында көтерме сауда орталықтарының желісін құру және тауар биржасын ұйымдастыру туралы Меморандум;
4. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management»LTD арасында 20 мың тонна бірінші класты бидайдың экспортына қатысты келісім;
5. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management» LTD арасында 2 мың тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісім;
6. 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы «Қазақстанның ет ассоциациясы» ҚҚ және CITIC Construction арасында қара мал мен сиыр еті өндірісі және экспорты үшін инфрақұрылым құру туралы келісімдерге қол қойылды.
Бұған дейін AllurGroup 51% акциясын қытайлық СМС-ке жылдың соңына дейін сатады деген ақпарат шыққан еді.