Қазақстан Ресей компаниялары үшін офшорлы аймақ болады

Ресей компаниялары Қазақстанда дайындалып жатқан офшорлы аймаққа 2018 жылы келе алады. Салықсыз аймақ Халықаралық қаржы орталығында (ХҚО) жұмыс істейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов «Известия» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, инвесторлар 50 жылға дейін салықтан босатылады, «А» классына жататын офистерді тегін алады және бес жылға дейін визасыз режимді пайдаланып, ағылшындық құқұқ ретінде өзінің төрелік сотын ұсына алады. Офшорлы аймақ EXPO-2017 көрмесі үшін салынып жатқан ХҚО ғимаратында орналастырылады.

«Ресей мен басқа инвесторлар арасында бизнес-хаб бола алатынымызды көріп отырмыз. Мысалы шет аймақта орналасқан қалалар Мәскеу биржасына оңайшылықпен кіре алмайды. Сөз ең жақсы биржа алаңы жайында болып отыр. Ресей компаниялары үшін қаржыны осылай тарту тиімді. Сондай-ақ, Ресей резиденттері осында тіркелетін болса, олар ресейлік компаниялар сияқты қаралмайды және ресей санкцияларының ықпалына түспейді. Өз қызметтерін Ресейдегідей жүргізе береді», — деді Құсайынов.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Астанадағы қаржы орталығының болуы мемлекеттің ары қарай дамуына әсер ететінін атап өтті.

«Халықаралық қаржы орталығының Астанада болуы бизнесті тәуелсіз сот және ағылшындық құқық арқылы халықаралық қорғауға мүмкіндік береді. Бұл инвесторлар үшін салмақты дәйек болады. Астанада қаржы орталығын құрып, инвесторларды тарту арқылы біз мемлекет дамуы үшін жаңа мүмкіндік аламыз», — деді ол.