Қазақстан Ресейге қару-жарақ жеткізеді

Қазақстан мен Ресей әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырыс өткізді. Қос тарап бірлесіп қару-жарақ жеткізу, сондай-ақ ұлттық қорғаныс-өнеркәсіп кешендерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талықалыд деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел өкілдері қазіргі заманғы «Семей инжиниринг» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М.Киров атындағы көлік өндіру зауыты» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инижиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС сияқты қазақстандық зауыттардың өнімдерін, оның ішінде, бронды танк техникасы, атқыш қару-жарақтар, авиациялық мақсаттағы құралдар, сонымен бірге жылу сақтағыш құрылғылар, дәлдеп көздеуге арналған линзалар, түнде көруге арналған құрылғылар, автоматтандырылған басқару құрылғыларымен танысты.

Ресейлік тарап қысқа мерзім ішінде қазіргі заманғы қаруларға сай өнімдердің кең ауқымын меңгерген қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарының даму қарқынына жоғары баға берді. Өткізілген кездесудің нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың көктемінде ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс-өндірістік кешені мәселесі бойынша кеңейтілген жиналыс өтті. Аталған жиналыста Қазақстанда қорғаныс өндірісін дамыту, әскери зауыттарды әртараптандыру және қазақстандық қорғаныс өндірісі кәсіпорындары өнімдерін шетелге шығару, азаматтық өнімдерді шығару мүмкіндіктері бойынша мәселелер қаралған болатын.

Жиналысқа қатысушылар сыртқы нарықта қазақстандық өнім айналымының жоғарғы мүмкіндіктерін пайдалану, сонымен бірге өнімнің бағасы мен сапасының ара қатынасы ұтымды болуы қажеттігін атап өтті.