Қырғыздарға 100 млн доллар береміз

489
Фото: kursiv.kz

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz — Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағжайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы inform.kz жазды.

«Осы келісімнің нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіру процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғызстанға 100 миллион АҚШ долларына барабар көмек көрсетеді», — деді депутат Мәулен Әшімбаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзінше, бұл көмек Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу жөніндегі «Жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға және ЕАЭО талаптарымен сәйкестендіруге беріледі.