«Қазақстан темір жолы» 20 активін сатады

«Қазақстан темір жолы»
Фото: old.el.kz

Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2017 жылы 20-дан астам активін бәсекелес ортаға шығарады. Бұл туралы Алматыда өткен Инвесторлар күнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев айтты.

Ол биылғы Жолдауда бизнес ортаны барынша түбегейлі жақсарту туралы тапсырма берілгендігін атап өтті.  Осы мақсатта «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бірқатар активтерді бәсекелес ортаға шығару үшін белсенді қызмет атқарып жатыр. Бұл шаралар Компанияның стратегиялық дамуы мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді.

Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасына орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол компаниясы көліктік-логистикалық холдингке айналды. Холдингтің алдында транзиттік әлеуетті жүзеге асырып, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойындағы логистикалық хабы болып қалыптасупақ. «Қазіргі уақытта ҚТЖ компаниялары тобында мақсатты құрылымдық топтар құрылуда. Олар бейіндік активтерді шоғырландыру мен көлік-логистикалық бизнес сегментін бір бағытқа бейімдейді. Ал бейінді емес қосымша активтерді жекешелендіруді көзделеді»,-деді ол.

Жекешелендіруге теміржол техникалары мен құрал жабдықтарын шығаратын зауыттар, жүк және жолаушылар тасымалдау сегментіндегі активтер, көлік-логистикалық терминалдар, қосалқы бейінді емес активтер шығарылады, — деді Қазақстан темір жолының басшысы.

2017 жылы ҚТЖ компаниялары тобының 21 активі шығарылады. Олар Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқаруындағы бірқатар өңірлік әуежайлар.

«Біз мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қазақстандық және шетелдік инвесторлардың белсенді қатысуын күтеміз. Бұл өз кезегінде бизнес ортадағы инвестициялық ахуалдың жақсарып, елімізде орта және шағын бизнестің дамуына серпін береді», — деді Алпысбаев.

Дереккөз: inform.kz