Қазақстанда құны 12 млн долларлық екі жоба жүзеге асады

жоба
Фото: ekonomiservisi.com

Шымкент. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге асады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім Түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған сапары кезінде жасалды. «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында инвестициялық екі құжатқа қол қойылды. Жоба құқны 12 млн доллар.

Жоба 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Оның бірі — қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн АҚШ доллары) болса, екіншісі —  құны 10 млн АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты.

Дереккөз: abctv.kz