Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу басталды

Фото:trmo.ru

Астана. 2-қараша. 7kun.kz – Аккредиттеу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы бойынша жүргізіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Биыл 180 медициналық ұйым өтініш білдірген. Аталған ұйымдарды 34 сарапшы бағалайды.  Олардың құрамында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мамандары  бар. Бақылаушылар ретінде Ұлттық палатаның және саяси партияның өкілдері шақырылды.

Бағалау кезінде ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы және материалдық-техникалық сипаттамалары қаралады. Соңында жалпы қорытынды шығарылып, аккредиттеудің 3 категориясы бойынша шешім қабылданады. Аккредиттеу мерзімі – 3 жыл.

Ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық деңгейде әзірленді. Естеріңізге салсақ, өткен жылы аккредиттеуге 142 ұйым қатысқан. 9 ұйым бұл рәсімнен өте алмады. Аккредиттеу нәтижелері медициналық мекемелердің өз әлсіз жақтарын анықтап, оларды жөндеуге мүмкіндік береді.

Талшын ӨТЕПОВА «7»