Қазақстанда құны 75 млрд теңгелік күн электростанциялары салынады

күн
Фото: greenvolt.ru

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz — Алматы облысында қуатттылығы 50 және 100 мегаватт болатын екі күн электростанциясы салынады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше қуаттылығы 100 мегаваттық жобаны Eneverse Kunkuat компаниясы жүзеге асырады. Күн электростанциясы Қапшағай қаласында салынады. Жобаның жалпы құны 40,2 млрд теңгені құрады.

Аталған объект 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Станцияның құрылысымен отандық электр энергиясын өндіру көлемі артып, тарифтер төмендетіледі деген болжам жасалды. Жоба Қытайдың қатысуымен жүзеге асады.

Ал қуаттылығы 50 мегаваттық екінші жобаны «ҚазАтомПром және Гелис Стратегия» біріккен кәсіпорындары іске қосады. Күн электростанциясы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында салынады. Объекттің құны — 35 млрд теңге. Жоба Украинаның қатысуымен жүзеге асырылады. 20 жұмыс орны құрылады.

Аталған күн станцияларын енгізу 2018 жылға жоспарланды.

Айта кетейік, Eneverse Kunkuat компаниясы 2015 жылы салынған. Ұйым әр түрлі қызметтерді ұсынады.

«ҚазАтомПром және Гелис Стратегия» БК. «Гелиос Стратегия» компаниясының негізі 2011 жылы қаланған. Ол жобалау, жабдықтау және құрылыс қызметтерін ұсынады.