Қазақстанда қоңыр көмірден бензин мен дизель түрінде жанармай өндіретін зауыт салынады

683
Қазақстанда қоңыр көмірден бензин мен дизель түрінде жанармай өндіретін зауыт салынады

2015 жылдың сәуір айында Ереймантау маңындағы Сарыадар кен орнында қоңыр көмірден бензин мен дизель өндіру бойынша тәжірибелік кешен салынады. Бұл туралы Технологияларды коммерциялау орталығының директоры Дамир Егізбаев хабарлады.

«Көмірден бензин немесе дизель өндіру әлемдік тәжірибеде кездеседі. Біздің ғалымдар осы әлемдік технологияны жергілікті қоңыр көмірден өнім алуға бейімдеді, сондай-ақ жұмыс уақытын қысқартып, арзандатты», — дейді ол.

Жоба 2013 жылдан бері Химия, көмір және технологиялар институтымен жүзеге асып келеді. Кешентәулігіне 0,8 тонна өндіреді, ал сұйық отынның құны литріне 42 теңге болады деп күтілуде.

Дереккөз: Kapital.kz