Қазақстанда салқын вагондар мен нашар сервис үшін тасымалдаушыларға айыппұл салынады

303
вагон
Фото: Mid.gov.kz

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің комиссиясы Қазақстандағы жолаушы пойыздарын тексеріп жатыр. Астана-Қостанай учаскесінде «Түрксіб Астана» тасымалдаушысының  №43/44 Алматы-Қостанай пойызын тексерді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған: вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, жолаушылар пойызында қызмет көрсету. Бұдан бөлек, жолаушылар бірқатар вагондардың салқын екенін айтып шағымданған.

Тексеру қорытындылары бойынша «Түрксіб Астана» ЖШС-не 1,9 млн теңгеден астам айыппұл салу жоспарланып отыр.

Келісімге сәйкес тексеру актілері анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданып, бұдан былай кемшіліктерге жол бермеу үшін тасымалдаушыға жіберіледі.