Қазақстанда соңғы екі айда негізгі капиталға жасалынған инвестиция 2,5%-ға артты

605
Қазақстанда соңғы екі айда негізгі капиталға жасалынған инвестиция

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі каптиалға жасалынған инвестициялар 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артып, 560,8 млрд теңгені қамтыды деп хабарлайды Экономика министрлігінің статкомитеті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, инвестициялық алымдар үшін тау-кен өнеркәсібі мен карьерлердің өндірісі (45%), көлік пен қоймалау (11,5%) және жылжымайтын мүлік операциялары (13,3%) тартымды болып отыр.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербес қаражаты инвестициялардың басты көзі болып қала беруде, 2015 жылдың қаңтар-ақпанында олардың меншікті салмағы 69,5% болды, мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі — 4,6%, банк несиелерінің үлесі — 5,1% (мұның ішінде шетел банктерінің несиелері — 0,1%) және қарыз қаражаты – 20,8% (мұның ішінде бейрезиденттердің қарыз қаражаты — 17,6%).