Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу ережелері өзгертілді

598
Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу ережелері өзгертілді

Кедендік Одақтың «Дөңгелекті транспорт құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық байқау туралы  соңғы өзгертулеріне байланысты  Транспорт және коммуникация Министрлігінің өкілдері жаңа ережелерді түсіндірді.  Транспортты бақылау комитетінің қызметкерлерінің айтуынша, осы жылдан кейін  құрастырылған кезден бастап жасы 7 жылдан аспаған  кейбір коммерциялық емес автомобильдердің техникалық тексеруден өтулері міндетті болмайды.

Яғни, осы жылы  2008 жылдан кейін шығарылған көліктердің техникалық тексеруден өтулерінің қажет жоқ. Тіпті олардың осыған дейін байқаудан өтпегендері де қарастырылмайды.  Ал көліктерінің жасы 7 жылдан асқан азаматтар бұрынғы ереже бойынша, жылына бір рет тексеруден өтулері қажет. Бірақ өзімен талонды алып жүрудің қажеттілігі жоқ.

Еске салайық, өткен жылдың күзінде  техникалық тексеруден өткенін анықтайтын талондарды қолданыстан алып тастаған еді. Барлық ақпарат енді бірыңғай базаға жинақталған, ал көлік иелеріне темір тұлпарының техникалық жағдайы туралы арнайы есеп қағазы беріледі. Ал  Жаңа жылдың қарсаңында ҚР президенті  жеті жылдық көліктердің техникалық байқаудан өтпеуіне мүмкіндік беретін жаңа заңға қол қойды.