Қазақстанда темекі бұйымдары, мұнай өнімдері мен автокөлік өндірісі төмендеген

826

ҚР Ұлттық экономика министрілігінің Статистика комитеті 2015 жылдың 8 айы ішіндегі физикалық көлем индексін жария етті.

2015 жылдың қаңтар-тамыз айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, тас көмір және темір кенін шығару азайды.

«Азық-түлік, темекі бұйымдары, сусындар, мұнай өңдеу және автокөлік құралдары өнімдерінің өндірісі де төмендеген», – делінген Статистика комитетінің хабарламасында.

Нәтижесінде, Қазақстандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға азайған.

Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі қатарынан тоғыз облыста байқалды.

Көлемнің азаюы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Ал, керісінше өнеркәсіп өндірісі өсімі республиканың 7 аймағында көрініс тауып отыр.

Республикада табиғи газ, түсті металдар кені, резеңке және пластмасса бұйымдар, жеңіл, металлургиялық және химиялық өндіріс көлемі өсті.