Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды

2016 жылы темекі өнімдерінің акцизінің ставкалары осы жылдан қарағанда 3,9 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы  деректері бойынша LS хабарлайды.

Осылайша, биыл фильтрлі темекі акцизі 2012 жылмен салыстырғанда 4 есеге өспек. Ал фильтрсіз темекі акцизінің 1000 дана темекі құны 5000 теңгеге дейін көтерілмек. Естеріңізге салсақ, 2012 жылы баға 750 тг еді. Осы жылмен салыстырғанда 2016 жылы сигарилла акцизінің құны 30%-ға көтеріледі, яғни 6,2 мың теңгеге жетеді. Келесі жылы бір дана темекіге алынатын алым 750 теңге болады. Ал 2012 жылы темекі акцизі 120 теңгені құраған болатын.
Келесі жылы 1 килограмм акциз бағасы осы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп 7,3 мың теңгеден асады.

12055059_721323387998008_307413019_o