Қазақстанда Туристік индустрия одағы құрылады

713
Қазақстанда Туристік индустрия одағы құрылады

Қазақстанда Туристік индустрия одағы құрылып жатыр деп хабарлады Қазақстанның туристік агентігінің ассоциациясының (ҚТАА) президенті Әсел Нұркебаева.

«Одақ туристік агенттіктердің, туроператорлардың рейтингтерін, қонақүйлердің рейтингілерін жасайды — яғни, ішкі туризмді дамыту жөніндегі барлық міндеттерді осы одақ орындайды», — деп түсіндірді Ә.Нұркебаева Алматы журналистермен болған кездесуде.

«Бүгін біз тіркеуге қол қойып жатырмыз», — деп мәлімдеді ол.

Бірлестік салалық қауымдастықтарды нығайту мақсатында құрылуда. Мұндай шешімді қабылдауға күшті жұмыс органдарын құру қажеттілігі түрткі болды, бұл одаққа келешекте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кейбір функцияларын аудару жоспарланып отыр.