
Қазақстанда Туристік индустрия одағы құрылып жатыр деп хабарлады Қазақстанның туристік агентігінің ассоциациясының (ҚТАА) президенті Әсел Нұркебаева.
"Одақ туристік агенттіктердің, туроператорлардың рейтингтерін, қонақүйлердің рейтингілерін жасайды - яғни, ішкі туризмді дамыту жөніндегі барлық міндеттерді осы одақ орындайды", - деп түсіндірді Ә.Нұркебаева Алматы журналистермен болған кездесуде.
"Бүгін біз тіркеуге қол қойып жатырмыз", - деп мәлімдеді ол.
Бірлестік салалық қауымдастықтарды нығайту мақсатында құрылуда. Мұндай шешімді қабылдауға күшті жұмыс органдарын құру қажеттілігі түрткі болды, бұл одаққа келешекте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кейбір функцияларын аудару жоспарланып отыр.