Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2729,3 млрд теңгені құрады

117
бөлшек
Фото: UBR.ua
Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz — Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 2729,3 млрд. теңгені құрады деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл көрсеткішті 2017 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда 5,4 пайызға өсім бар. 2018 жылғы қаңтар-сәуірде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ 31 пайызбен Алматы қаласына тиеселі. Астана қаласына 11,3 пайыз, Қарағанды облысына 9,5 пайыз және Шығыс Қазақстан облысына 8,8 пайыздан келеді.