Қазақстандағы ең беделді 7 кәсіпкер

кәсіпкер
Фото: Forbes.kz

Кәсіпкердің беделі тек байлығымен ғана емес қоғамдағы орнымен де өлшенетіні рас. Ең дәулетті қазақстандықтар тізімінде 50-ге жуық тұлға жазылғанымен, оның тек бірнешеуін ғана білеміз. Ендеше назарларыңызға беделді 7 қазақстандық кәсіпкерді ұсынамыз.

Болат Өтемұратов

Фото:Радиоточка

«Верный Капитал» компаниясының басшысы,  Мәскеу және Вена қалаларындағы Ritz-Carlton, Rixos Borovoe қонақ үйлерінің иесі. Informburo.kz интернет порталының, «31 канал» теледидар және радио компаниясына басшылық етеді. Сонымен қатар Өтемұратовтың бақылауында «KaP-Тел» ЖШС-нің  25%-ы  және   Қазақстан, Қырғызстандағы «Билайн» байланыс опетаторлары ООО «Sky Mobile» компаниясының  49,9 %-ы бар.  Еліміздегі «Burger  King» брендімен ашылған фаст-фуд ресторандар Болат мырза алған франшизамен жұмыс істеп келеді. ForteBankтің халықаралақ акционері. 2007 жылдан бері Болат Өтемұратов Қазақстандағы тенис федерациясының президенті, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. Өтемұратов құрған «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры еліміздегі велоспорт пен денсаулық сақтау саласында салынатын нысандарға қолдау көрсетіп келеді.

Тимур Құлыбаев

Фото:kfb.kz

Тимур Құлыбаев жары Динара  Құлыбаевамен  бірге Қазақстан Халық банкіне арқылы иелік етеді.  Құлыбаевтың қазақстандық активтері қатарында  «Фирма АЛМЭКС Плюс», ЖШС «Кипрос», ЖШС «Mercury Properties»,  АҚ «Аксайгазсервис», ЖШС«Viled Group», ЖШС«Viled Fashion» бар.  Ол «Каспий Мұнай» АҚ-ның 50 пайызына иелік етеді және  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы.  2011 жылдан бастап «Гаспром» директорлар кеңесінің мүшесі. Құлыбаев  Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және Азиялық Олимпиада кеңесінің вице-президенті.

Дінмұхамед Ыдырысов

Фото:Forbes.kz

Дінмұхамед Ыдырысовқа ЖШС «Алма-ТВ» (100%),  ЖШС «Қазазот»(30%), АҚ «Bank RBK» (9,68%), АҚ «Аманат сақтандыру компаниясы» (100%), АҚ «Ақтөбе мұнай жабдықтар» (29,9%), ЖШС «ККС» 100 пайызы тиесілі.Ордабасы тобының басшысы. Ыдырысов Шымкет қаласында өз демеушілігімен «Аналар үйін» ашқан. «Аналар үйі» аналарға тегін қызмет көрсетеді. Ол жерде шаштараш, тігіншілік пен аспаз болуға да тегін оқытады екен.

Кеңес Рақышев

Фото:Forbes.kz

Кеңес Рақышев Казкоммерцбанктің 71,31% үлесін тікелей және жанама бақылайды және директорлар кеңесінің төрағасы. Кәсіпкер SAT & Company және Net Element директорлар кеңесінің төрағасы. Рақышовқа  «Magnum Cash & Carry», « Standard сақтандыру компаниясы», Central Asia Metals Plc және SAT & Company холдингінің 21 пайызы тиесілі. Сонымен қатар ол Қазақстан Дзюдо Федерациясының президенті. Қазақстандық миллионер  Кеңес Рақышев әлемнің жеке инвесторларының үздік ондығына кіреді.

 Райымбек Батталов

Фото:Радиоточка

Райымбек Батталов АҚ «Raimbek Group» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. НПП «Атамекен» президиумының мүшесі. «Алматы хайуанаттар бағына көмек» қорының негізін қалаушылардың бірі. Қазақстан кеңесінің кәсіпкерлері форумының төрағасы, Қазақстан мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі. Сонымен қатар Батталов премьер-министрдің кеңесшісі. Қазақстан велоспорт федерациясының вице президенті. 2004 жылдан бастап  Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы. Батталов кезінде су астында жүзумен айналысқан, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Бүгінгі күнде ҚР су асты Федерациясын басқарып отыр, әрдайым спортпен шұғылданады.

 Қайрат Боранбаев

Фото:Forbes.kz

Қайрат Боранбаев Астана қаласында ең алғаш McDonalds ресторанын ашты. Ал Беларусь елінде оған дәл осы ресторанның 10 оған тиесілі. Боранбаев өзінің екі бауырымен  бірге «Физтех» мұнай  компаниясының иесі. Сонымен қатар оған иелігінде «Алмалы» сауда орталығы, «Рахат Палас» және «Medeu Resort» қонақ үйлері, «Есентай Молл» және «Есентай Тауэрс сауда орталықтарының 50 пайызы тиесілі. «Қостанай облысы бокс федерациясының», Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті.  «Қайрат» ФК-ның бақылау кеңесінің төрағасы.

Айгүл Нұралиева

Айгүл Нұралиевға «Казкомерцбанктің» 28% тиесілі. Сондай ақ, «Қазтелекомның» 24,94 пайызын бақылайды. Нұралиева басқарып отырған «Қазтелекомның» еншілес компаниясы «Алтел»  2015 жылдың сәуір  айында  LTE технологиясы бойынша 100 пайыз қолдауымен 4G енгізуі арқылы өзіне екі миллионнан астам абанент жинады.  Сонымен қатар  Badam B.V. арқылы Tele2 бренді «Мобайл Телеком-Сервисінің» 49%  тиесілі.

Динара БЕКЕТОВА «7»