
Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz - Алматылық "Қайраттың" капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат қазақстандық футболшы деп танылды. Transfermarkt мәліметінше, Қазақстан құрамасындағы жартылай қорғаушының трансферлік құны 1 миллионнан 1,8 млн еуроға дейін өскен.
Айта кетейік, осыған дейін Исламханмен қатар бұл орында "Астананың" жартылай қорғаушысы Дмитрий Шомко болған. Қазір ол командаласы Юрий Логвиненкомен бірге екінші орында. Екеуінің трансферлік құны - 1,2 млн еуро. Ал төртінші орында - 1 млн еуроға бағаланған "Қайрат" қақпашысы Стас Покатилов және "Астананың" шабуылдаушысы Роман Мұртазаев.
Айта кетейік, бұл порталдың рейтингін толыққанды объективті деуге келмейді. Трансферлік құнға келісім-шарттағы мәліметтер қосылмаған. Мысалы, егер футболистің клубпен келісімі қыста аяқталса, ол еркін агентке айналып, трансферлік құны 0-ге тең болады.