Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы Lenovo өкілдігінің басшысы ауысты

Қазақстандағы Lenovo өкілдігінің басшысы ауысты

Алматы. 9 ақпан. 7 kun.kz – Қазақстан мен Орта Азиядағы Lenovo Technology B.V. компаниясының бас менеджері Асхат Мұхитдинов 1 ақпаннан бастап өз өкілеттігі тоқтатылғаны жайлы хабарлады.

«Ары қарай дамудың сәті түсті. 5 жыл бойы бас менеджер болып, көптеген тәжіриебе жинап, білім алып, өзімді жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да жетілдірілгеніме Леново компаниясына алғысым шексіз. Сондай-ақ, мұнда жүріп, көптеген достарым да пайда болды. Әсіресе, өзімнің командама алғыс білдіргім келеді. Маған көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңізді бағалаймын», - дейді Асхат Мұхитдинов әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Қазақстандағы өкілеттікті Алнұр Ермағамбетов басқарады. Оның қызметі - Lenovo Technology B.V. компаниясының жергілікті менеджері (Орталық Азия мен Әзербайжан).

Бұдан бұрын Алнұр Ермағамбетов «AstanaInnovations» АҚ  Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстандағы HP Global Trading B.V. компаниясын басқарды.

Сонымен бірге, Lenovo-ның ресми ресурстарының ешбірінде бөлім жетекшілігінің алмасқаны жайлы хабар жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Леновоның Орта Азия аймағына жауапты Қазақстандағы бөлімі 2012 жылдың ортасында ашылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар! Сондай-ақ, бизнеске қатысты өзге де жаңалықтармен хабардар болыңыздар!

Похожие материалы