Қазақстандағы мемлекеттік басқару Ресейге қарағанда тиімдірек

Қазақстандағы мемлекеттік басқару және инвестициялық саясат Ресейге қарағанды тиімді жұмыс істейді. Бұл туралы Внешэкономбанк басқарма төрағасының орынбасары Андрей Клепач мәлімдеді.

«Қазақстандағы мемлекеттік және бюрократиялық басқару Ресейге қарағанда тиімдірек. Қалай дегенмен де, жоспар мен орындалған істің арасындағы айырмашылық аздаған», — деді ол Астана экономикалық форумы кезінде панельдік сессиялардың бірінде.

«Бұл құлдырауды азайтып, экономика бейімділігін көтереді ме? Бірден айту қиын, бұл жерде басқа да себептер бар. Біріншіден, қазақстандық экономика ресейлікке қарағанда қарапайым. Ресейде де мұнай-газ кешені бар. Бірақ дағдарыстан кейін табыс азайып кетті»,-деді А.Клепач. Ол, сондай-ақ, қазақстандық экономиканың бір артықшылығы тұрақты инвестициялық саясат екендігін атап өтті.

«Қандай да бір деңгейде жеке бизнесте де тұрақтылық бар. Ол жерде күрт өзгеретін пайыздық бәстер мен Ресейдегі тәрізді несиелендіру мен несиелендіру шарттарын қатаңдату талаптары жоқ. Екіншіден, мемлекеттік инвестициялық жобалар біршама тұрақты. Олар Ресейге көлемі жөнінен аз болуы мүмкін, бірақ Қазақстандағы мемлекеттік инвестициядағы ЖІӨ пайызы жоғары. Бізде инвестиция бірінші қысқарылады. Инвестициялық құлдырау да көбейеді», — деді ол.