Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру (курстық жұмыс)

2679
кітапхана

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.

1 кесте

Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.

1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді.

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.

Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).

2 кесте

Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті
2000/2001 8109 3043,3
2001/2002 8171 3019,5
2002/2003 8164 3095,6
2003/2004 8260 3026,2

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің инмтитутционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және ортааа кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.

4 кесте

Оқу жылы КМ (КЛ) саны Оқитындардың контингенті Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны
2000/2001 306 88,3 75,4
2001/2002 312 88,1 72,1
2002/2003 312 89,6 82,3
2003/2004 307 98,7 91,3

Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).

5 кесте

Оқу жылы Жоғарғы оқу орындар саны Оқитындардың контингенті Мемлекеттік тапсырыс
2000/2001 181 440715 21970
2001/2002 182 514738 25265
2002/2003 173 590982 25465
2003/2004 180 655661 26465

2000 жылы қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді. Педагок кадырларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.

 Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлайға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

2 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.

Атам қазақ «ел болам десең, бесігінді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үніліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шыңдыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығынның отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.

 Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсеңділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махабаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кеңелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға құлышын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.

Өкінішке орай, кейбір шеңеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан  келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанның қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сөңбейтін жағдайлар туады.

Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп,  ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласың тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттері мен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытың үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысынның дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықты осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасың қарастыруға болады.

Қалалық әкімшілік жаныңдағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жаңында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытың, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.

Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сыртадамдардың білмегенің қалайсың, себебі көптеген үй тоңау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.

Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсың, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еңіп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.

  1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
  2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін, шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш қайнаса сорпасы қосылмайиын жеке тұлғаларға, іскерлерге жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер жылма жыл оқу бөлмелерін сол мұғалімдер өз есебімен, өз күштерімен жөңдеуден өткізіп, тіпті керекті оқу құралдарын да айлығына сатып алып отырса.

 Сол себепті осындай жоғарғы оқу орындарын басқару және қаржылндыру жүйелері қайта құрылып ашық айқын бір тәртіпке келтіріп тез арада шешім табуы керек ететін үлкен бір мәселе. Сонымен қатар министрлік арқылы әрбір оқу орындарын сол жердегі оқытушылар мен студенттерге сабақтан тыс уақыттарында, қосымша халық тұтынатын әр түрлі құрал-саймандар, күнделікті үй тапсырмасына керекті жабдықтар жасап қарапайым тұтынушылардан тапсырыс алып, пайда табуын ұйымдастыру керек.

Ол үшін сол жоғарғы оқу орындарындағы барлық мүмкіндіктер  соларға жасалынып қолдау берілуі тиіс және сырттан ешбір адамға, заңды тұлғаларға жалға беруді немесе сатуды қатаң түрде қысқартқан дұрыс. Жалпы, қандайда болмасың оқу орындары болашақта өздерінің қаражатын тек қана студенттер есебінен ғана емес сондай кәсіптікпен және әр түрлі ғылыми жаңалықтар жасап еліміз жылма-жыл бірнеше миллиард таған қаржы бөліп отырған инновациялық жобаларға қатынасып, сол жерде дәріс алып жүрген студенттердің мұғалімдердің толықтай жағдайын жасауға бет бұрыс алуы керек.

Егерде осындай талап қойылып оның атқарылуы қатаң бақылауға алынса онда студенттерде іскерлікке, жауапкершілікке үйреніп киыннан жол табар көш бастаушысына айналар еді. Ендеше, еліміздің болашағына жауапты бүгінгі студенттер жағдай тек қана олардың мәселесі емес ол бүкіл халықтық болып қала берді, үлкен саяси мәні бар үлкен де, күрделі мәселе.

2.1 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар мен шаралар

Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғышарттар жасау қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес. Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді. Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды іздеңіс жұмыстарын жүргізіп келеді.

Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада, Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Соңымен бірге ұжымымыздың Еуразия – Тыңық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың  16 қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) «Университеттердің Ұлы Хартиясына» қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға сәкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.

Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы оқу орынының үхдік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен үштастыруда технопарк қызметнің орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың коталігіне еңдіріліп, өңдіріске еңгізілуге әзір, бұ,ан қосымша түрлі қаржы көздерін пайдалану арқылы таланты жастардың элиттарлық жоғарғы білім алуына мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.

«Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз» компниясы мен облыс әкімшілігі арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде корпоративтік «Демеу» қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге және бірнеше білімдер жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына мүмкіндіктер туды.

Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелу ісіне түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі осыған сәйкес университет ұжымы бір қатар ауқымды шаралар атқаруды жедел қолға алды. Соңын ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлауды икемді жүйесі қалыптасып келеді. Бұл жағымды жаңа әдіс арқыры студент  жастарды университет қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары алдында біздің экономикалық мүлдемізге сай келетіні анық.

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік экономикада интеграциялық процестердің ағымына ұштастыруда болып отыр.

Қазақстанның Орталық Азияда ұлтаралық келісім ұйытқысы ретінде таңылып, кейбір ғаламдық мәселелерді шешу барысында саясат сахынасында салмағы артқаны әлемге әйгіленді.

Елбасы Жолдауы отаншылық рухқа толы оптимизімге шақытатын терең толғаныс. Жолдау – мемлекет басшысының өз халқына кемел келешек пен жақын болашаққа бастайтын саяси-экономикалық бағдарламасы.

Қазіргі кездегі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік база 1991 жылдың 28 маусымындағы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР-індегі мемлкеттік жастар саясаты» туралы заңының Қазақастан Республикасының Президенттінің 1999 жылының 28 тамызындағы «ҚР-ның мемлекеттік жастар саясатның тұжырымдамасы туралы» үкімінен, осы үкімге сәйкес шығарылған республикалық және аймақтық бағдарламалар дан т.б. құқықтық актілерден тұрады.

1991 жылы қабылданған Қазақ КСР-і заңының кейбір нормаларының қазіргі уақытта заман талаптарына сай келмей модерндендіру процесін талап етуде екені айрықша көзге түсуде. Соңдықтан да Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның жобасын әзірлеу үстінде.

Ендігі кезекте ҚР президентінің үкімімен бекітілген мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына көз жүгіртсек, бұл тұжырымдаманың коптеген халықаралық құқықтық нормалары мен қатар, ішкі нормативтік құқықтық актілердің «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасының басшылыққа алынып әзрленгенің көреміз. Сондай – ақ бұл тұжырымдама да мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдылықтары, негізгі принциптерінен бағыттары сияқты қоғамды толықтыратын мәселелер толық қанды баяндалған.

Осы тұжырымдаманың төртінші болімінде жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс қимылдарының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылған.

Ал жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтарын қамтамасыз ету мехенизімі жайлы толық қанды айтылмағаны өкінішті-ақ. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамаға сәйкес ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру және т.б. арқылы қамтамасыз ететіні туралы мәселе толық шешімін таппай отырған сынайлы.

Жастар реттінде ҚР-да жаңа заңның жобасы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы азаматтар таңылатының ескерсек кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын амтамасыз ету ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін, оның ішінде мамандандырылған соттар жас өспірімдерге арналған жазасын өтеу орындарын т.б. қалыптастыру қажеттілігі тұжырымдаманың аталған бөлімшесінде баяндалған. Ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру 1991 жылы қабылданған заңда да көзделген.

Ол заңның қабылданғанына он жылдың жүзі болыпты. Тәуелсіздігіміздің он жылдық мерей тойына ювеналдық соты ең болмағанда сыйлық ретінде құру керек еді, бірақ олда болмады.

2.2 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

Нарықтық экономика заңдылықтарына елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.

Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны  99535 адамды құрайды. Статаистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың аңағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенің байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.

Жастардың алдыңдағы аса маңызды сың таңдау еді. Сондықтанда мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінің «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агентігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.

Жастардың заңгер мамандығын 20,2%, экономистер мамандығы 14,2%, банк қызметкерлері 9,6%, шетел салық инспекторлығын 4,5% иеленгісі келетіндігі мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдау жастардың кедонистік және шығармашылық альтуристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етеді (2 диаграмма).

Сонымен жоғарыда аталған көптеген шешілмеген мәселелер жас азамттардың білім алуға конституциялық құқығының толық қамтамасыз етілуіне тежеу жасап тосқауыл қойып отыр. Ал тіпті жетім балалар денсаулығы, мүмкіндігі шектеулі балалар тұрмыс деңгейі төмен отбасылар деңгейі төмен отбасылар балаларының білім алуға құқығын жүзеге асыруы күрделі мәселелеге айналғандығына біршама адамдардың көзі жеткені сөзсіз.

Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге, олардың алдын алу шаралары неге өзінің он тәтижелерін бермеуде? Осы сияқты риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын секілді.

2 диаграмма

1 – заңгер                                         2 – экономист

3 – банк қызметкері                        4 – аудармашы

5 – ЭВМ операторы                        6 – салық инспекторы

7 – дәрігер                                        8 – инжинер

9 – мұғалім                                       10 – психолог

Білім беру салаларындағы бағдарламалаларда білім беруді ақпараттандыру және қажжыландыру мәселелеріне де көп көңіл бөлінуде, солайтылған мәселелерге тоқталатын болсақ, мысалы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлектеттік бағдарсамасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 100% компьютерлендірілуі аяқталды. Орталық комуникациялық торап құрылып оған білім және ғылым министрлігінің орталық ақпараттарының торабы және облыстық білім беру департтаментерінің телекомуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электорнодық оқулықтар баслымдары мектеп пәндерінің 225%-ін қамтиды. Қашықтан оқыту спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған. Сонымен қатар, ақпараттық және комуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіліктен әлде қайда артта қалуда.

Қазақстанда әр компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар 2002 жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйым елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңеледі, Литвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15 құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде бір компютерге 5 оқушыдан келеген, АҚШ-та төрт.

Қазіргі таңда интеррнет желісіне қосылуға Қазақстан мемлекетінің 24%-ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан мектеп, 2000 жылы Эстония мемлекеттерінің 100%, Австраля, Канада, Исландия мектептерінің 80%, Венгрияда 58%, экономикалық-ынтымақтастықтың және даму ұйымы елдегі бойынша мектептердің орташа есеппен 52% интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Кәсіптік мектептер мен колледждерде бір компютерге тиісінше 30-35 оқушыдан келеді. Интернет желісінде кәсіптік мектептердің 39% және колледждердің 51% қосылған.

Жоғарғы білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.

Жекелеген жоғарғы оқу орындары оқудың технологиясын еңгізхгн кейбірінде талған технология экспериментік режимде іске асырылуда.

Білім  беруді қаржыландыру. Еліміздің экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік береді ( 6 кесте).

Білім беруге арнлған мемлекеттің шығыстары абсолюті арттып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өседі. Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), мемлекет аралық бақылау (МАБ) еңгізілді.

Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың обьективті құралы бола алмайды. Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ.  

6 кесте 

2000 2001 2002 2003 2004
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2975 3322 3880 4553 5742
Жалпы орта білім 60007 67224 81744 98906 124979
Кәсіптік бастауыш білім беру 2693 3018 3910 5299 6540
Кәсіптік орта білім беру 2662 2528 2989 3595 5001
Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру 8120 9344 11783 12763 15506
Басқада бағдарламалар 4959 17640 14671 24505 33547
Жиынтығы 81416 103076 118977 149521 191315
ІЖӨ-ге % 3,1 3,1 3,2 3,4 3,8

Білім беру сапасын басқару компаненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұңы, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі  халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.

Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистикалық жүйесі қазіргі заман талабына мағыналаық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қжетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық аухалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес мамнадарды даярлау жөніндегі шаралар қолднуды қажет етеді.

Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгені құрайды.

7 кесте

2005 2006 2007 2008 2009 2010 Барлығы
Республикалық бюджет 23379,8 34036,9 32150,8 26216,8 29484,4 30501,1 175769,8
Жергілікті бюджет 18022,4 19477,3 21705,1 31552,5 32115,6 32169,3 155042,2
Мемлекеттік бюджет 41402,2 53514,2 53855,9 57769,3 61600,0 62670,4 330812,0

Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.

2.3 Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол

Кез келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болу керек, біздің заманымызда сол фундамент бастауы білім алу болып келед. Бімді жас елің көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейін мен даңқын көтереді. Ал нақты көрсеткіштерге сүйенетін болсақ бізде білім беру мәселесі мен білім алу мәселесі ақсандауда болып келеді.

Біздің жастардың жоғарғы оқу орнын бітіріп , белгілі маман иесі болғаны қандай дәреже де екенің талдап өтелік.

ҚР жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикалық белсеңді азаматтарын да толғандыруда.

Сонымен статистикалық мәліметтерге талдау жасап көрелік. Ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың статистикалық көрсеткіштеріннің салыстырмалы өсімі, халықшаруашылығындағы үлесінің төмендеу тенденсиясының өрбіп келе жатқаны өкінішті-ақ. 1995 жылы ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың саны 1148953 адамды немесе жалпы жұмысшылардың санына шаққанда 23,7 пайыз болса, бар болғаны үш жылдың ішінде жас жұмысшылардың саны 450160-қа кеміп, 1998 жылы 698793-ті немесе жалпы жұмысшылар санына шаққанда 24,32 пайызды құрады.

Еңбек нарығындағы қатар бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұлыссыздар саны 1999 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың эканомикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 аамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жымыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылорда алда болып отыр (4187 жымыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздарың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 2909 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесін шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмысыз жастар 22,3 пайызды құраса,5-10 жыл арасындағылар 22,6пайыз, 10жылдан жоғарғылар 10,4 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің  көмегімен 200 жылдың 1 жарты жылдығанда  өтініш берілген жастар арасында 17,7 мыңы жұмысқа орналастырылып, жас орналасу деңгейі26,2 пайызды көрсетіп отыр. Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір белсеңді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады.

2000 жылдық 1 жарты жылдығында ауылды желлерде жас жұмыссыздардық саны 21,1 мң болып, барлық жұмыссыз жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.  

Осыған ұқсас әр түрлі мәселелер, әсіресе, жұмыс орындарынының жоқтығы, жұмыссыз жастардың санының өсуі, ақы төленетін жұмыс орындарында қызмет ететін жас зиялылар санының төмендеуісияқты, және т.б. теріс тенденциялар өрбу үстінде. Бұл мәселелердің толық шешім таппай отырғаны қоғамды толғандырып қана қоймай, бірқатар жастардың арасында білімге деген құштарлығының оянуына емес, керсінше, өшуіне себепкер болып отырғандай. Ендігі кезекте мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде бірқатар республикалық бағдарламалар қабылдануы тиіс.

Қорытынды

Сонымен жоғарыда айтылғанды қорыта келетін болсақ, ҚР білім беру көрсеткішетінің деңгейі төмен деңгейде десек те болады. Өйткені бізді білім беру салсындағы құрал жабдықтар жетіспеуі, қаржы қаражаттың өз орнына дұрыс жеткізілмеуі, сонымен қатар дамыған елдердегідей компютер желісінің біз де аз қолдануы бізді осындай қиыншылықтар мен ақсандауға алып келіп отыр, дегенмен де бұл проблемелерды жою үшін біздің елде бірнеше қатарлы бағдарламала мен шаралар қолдануда.

Біз клешекте сол алдыға қойған мақсаттарға жетіп, қиыншылықтар мен кемшіліктерді жоямыз деген сенімдеміз.

Бірақ оған ең басты мемлекет қолдауы мен біздер жастардың білімге деген көңіл бөлушілігімізді арттыруымыз қажет. Сол кезде ғана біз болашақты Қазақстан мемлекетін жоғарыға көтере аламыз. Тек қана мемлекет тарапынан көмек көрсетіп отыру, аз болып келеді, өйткені егер мемлекет барлық мүмкіншілікті жасап ал, жастардың өздері білім алмайтын, оқымайтын болса, ең қиыны соңда болады деп ойлаймын, қандай қиын қыстау кезені болмасын әр жас өркен өз алдына мақсат қойып мұратына жету қажет. әйтпесе ол осы өмірін бос өткізеді.

Мемлекет деңгейін көтеретін біз болашақ жастармыз сондықтан да, жастарды білім алуға ынталандыру шаралары мен бағдарламаларын кеңінен қолданып, мүмкіндіктері жоқ отбасыларына көмек көрсетіп, аулдық желердегі мектептерді компютерлер мен қамтамасыз ету қажет, ал бұған мемлекет және жергілікті органдар қолдауы мен көмегі қажет болып келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
  2. Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
  3. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
  4. Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.
  5. Егеменді Қазақстан; 14 қыркүйек, 2005 жыл, 5 бет.
  6. Деловая неделя; 20 марта, 2006 год, 9 стр.
  7. Парсонс Т. Человек в современном мире. – М., 1985г.
  8. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. – м., 1993г.
  9. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – М., 1998г
  10. Кларин М.В. Инновации в меровой педогогике. – Рига, 1995г
  11. Оброзование в мире на пороге ХХІ века. – М., 1991.
  12. Гусинский Б.С. Образование личности. – М., 1994 г
  13. Иванов С.П. Современное образование и психологическая культура педагога. – Псков, 1999 г
  14. Заң газеті; 25 наурыз, 2005 жыл, 3 бет