Қазақстанда қызметкерлер үшін міндетті медициналық сақтандыру енгізілмек

Image: 0032297392, License: Royalty free, Restrictions: Not available for distribution, sale, or license by Corbis' international representatives. Not available for license to or for use in certain territories. For multi-territory license please contact your Corbis Account Representative. Image not available for use in the Corbis Mobile Offering. Not available for use in Corbis Merchandise., Original caption: Stethoscope and blood test results., Property Release: No or not aplicable, Model Release: No or not aplicable, Credit line: ., Corbis

Сарапшылар Қазақстанда 2017 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін еңбекақы төлеудің ай сайынғы қорының 5%-ы мөлшерінде қызметкерлерді әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша міндетті аударымдарды енгізуді ұсынып отыр.

2030 жылға дейін Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу концепциясының жобасы республиканың денсаулықты сақтауды дамыту орталығымен әзірленген және жаппай талқылану үшін денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланған.

Осылайша, жоба аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын (ӘМСҚ) құру жоспары тұр, бұл қордың табысы бірнеше көз арқылы, атап айтқанда мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыс істейтін қызметкерлер есебінен қалыптасады.

«Азаматтардың денсаулықты сақтауға және ТМКМК (тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі) алуға деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет ТМКМК-нің жыл сайынғы қаржыландырылуын қамтамасыз ететін болады. ТМКМК-нің қаржыландырылуы республикалық бюджет қаражатының ӘМСҚ табысына жыл сайын есептелу арқылы жүзеге асырылады», — делінген құжатта.

«2017 жылдан бастап жұмыс берушілер әлеуметтік медициналық сақтандырудың қосымша қаржыландырылуын жұмыс істейтін тұрғындар үшін еңбекақы төлеудің ай сайынғы қорының 5%-ы мөлшерінде әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша міндетті аударымдарды енгізу арқылы жүзеге асырады», — делінген жобада.

Бұған қоса, концепция бойынша жұмыс істейтін азаматтар 2020 жылдан бастап ай сайынғы табыстың 1%-ы мөлшерінде әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша міндетті төлемдерді енгізетін болады.

Сонымен қатар құжатта қордың Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған. Үкімет ӘМСҚ активтерін инвестициялауға арналған қаржылық құралдар тізімін анықтайтын болады.

Жоба авторларының ұсынысы бойынша, қор ТМКМК-ге кіретін медициналық қызметтердің сатып алуларын жүзере асырады.

2021 жылдан бастап ӘМСҚ, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ескермегенде, ТМКМК-ге кіретін медициналық көмектің барлық түрлері мен формаларын төлейтін болады.