Қазақстанда жанармай қымбаттап жатыр

471

Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz.  —  Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап жатыр. Ең жоғары шама «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде байқалған. Егер қараша айында АИ-92 жанармайының бағасы 128 теңге тұрса, желтоқсанның басынан бері оның литрі 133 теңгеден сатыла бастады. Бірақ — бұл ең төмен бағалардың бірі. Бұл туралы lsm.kz сайты жазды.

Sinooil (134 теңге — АИ-92) мен Helios (135 теңге — АИ-92) бекеттерінде бензин бағасы «ҚазМұнайГаз» бекетіндегілерден біршама қымбат. Royal Petrol-де жүргізушілер АИ-92 жанармайының литріне 140 теңге төлейді. «ЛУКОЙЛ»-да бензин бағасы 138 теңге болды да, өткен аймен салыстырғанда қымбаттады.

Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы нарықтағы жанармай тапшылығынан туында отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ, Қазақстан АИ-92 жанармайының 30 пайызын Ресейден тасымалдайтынын мәлімдеген.