
Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz. - Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап жатыр. Ең жоғары шама "ҚазМұнайГаз" бекеттерінде байқалған. Егер қараша айында АИ-92 жанармайының бағасы 128 теңге тұрса, желтоқсанның басынан бері оның литрі 133 теңгеден сатыла бастады. Бірақ - бұл ең төмен бағалардың бірі. Бұл туралы lsm.kz сайты жазды.
Sinooil (134 теңге - АИ-92) мен Helios (135 теңге - АИ-92) бекеттерінде бензин бағасы "ҚазМұнайГаз" бекетіндегілерден біршама қымбат. Royal Petrol-де жүргізушілер АИ-92 жанармайының литріне 140 теңге төлейді. "ЛУКОЙЛ"-да бензин бағасы 138 теңге болды да, өткен аймен салыстырғанда қымбаттады.
Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы нарықтағы жанармай тапшылығынан туында отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ, Қазақстан АИ-92 жанармайының 30 пайызын Ресейден тасымалдайтынын мәлімдеген.