Сәуір айында жеңілдік мөлшерлемемен автонесие алғысы келетін азаматтар өтінімдерін бере берсе болады. Бірінші транш бөлінгеннен кейін бағдарламаның операторлары ретінде анықталатын екінші деңгейлі банктер мәмілелерді рәсімдеуді бастайды деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Қаржы министрлігі мен "Бәйтерек" ұлттық қоры халыққа жеңілдікті автонесиелерді ұсыну жобасы бойынша екінші деңгейлі банктерге 15 млрд теңге бөлді. Мемлекеттік қаржы тек отандық автокөлікті алу үшін беріледі.
Бастапқыда бөлінген қаражаттың жалпы соммасы 6 мың машинаны алуға жетеді. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі 4% болмақ, ал несиелендіру мерзімі - 3-5 жыл.
Қаржы министрлігі автосалондардың жүргізетін баға саясаты қандай болатындығынан ғана қауіптенеді.
"Бір қызығы, бір кластағы автокөліктер үшін елдің түрлі аймақтарында бюджеттік қаржы әрқалай бекітілген. Яғни бір автокөлік үшін бір аймақта бір сан берілсе, басқа аймақтағы көрсеткіш одан 40%-ға артық. Осы мәселені қарастырсын деп біз бюджеттік бағдарламаның барлық әкімшілеріне тиісті хаттарды жолдадық", - деп мәлімдеді ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.
"Әрине біз осы бағдарламаның клиенттер үшін қаншалықты пайдалы екендігін түсіну үшін анализ жасадық. Ай сайынғы төлем шамамен 40 пайызға аз болады. Бұл өте жақсы бағдарлама", - деді екінші деңгейлі банк өкілі Шолпан Мұратбекова.
Қазір үкіметте жеңілдікті автонесиелендіруге төрт банкті қатыстыру туралы мәселе қарастырылып жатыр. Олар алғашқы траншты сәуір айының ортасында алады.
Арзан несиемен алуға болатын автокөліктермен таныс болғыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024