Қазақстанда жыл басынан бері 25 мың баспана пайдалануға берілді

баспана
Фото: Kapital.kz

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz — Жыл басынан бері Қазақстанда 25 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9 пайыз болды. Сондай-ақ, көктем шығып жұмыстардың басталуына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі өсті.

Жалпы көлемі 2 млн 9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі жыл бойынша жоспар 12 млн 100 мың шаршы метрді құрайды.

Ал, тұрғын үйлерді пайдалануға беру жыдық жоспардың 24 пайызын құрайды.

Республика бойынша 25 301 баспана пайдалануға берілсе, оның ішінде 9200 жеке үй бар.