Қазақстандық 80 жасар жиһангез-әже саяхаттаудан шаршамайды

1946
әже

Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісінде қызу талқыға салынып жатқан соңғы жаңалықтардың бірі — Қазақстандық саяхатшы-әже.

Жиһангез-әженің есімі — Лена Тоқсанбаева. Жасы 80-ге келсе де, әлем кезіп, саяхаттаудан шаршамайды. Балаларымен және немерелерімен қыдырып, суретке түсіп жүретін әжеге көпшілік тамсанып, таңдай қағысып жатыр. Суреттер легін әжейдің немересі Айдын Тоқсанбаева Facebook желісіндегі топқа жария етеді. Жазбаның астына: «80 жаста! Лондон. Тайланд, Франция, Испания… Ол Disneyland-тің барлық әткеншектеріне мініп көрді! Бұл — менің әжем!» — деп жазған. Аталған жазба 1300-ден аса лайк жинап, 430 адам бөліскен.

65(17)

Tengrinews.kz тілшісі саяхатшы-әжені іздеп тауып, сұхбатқа тартыпты. «Ең алғаш менің шетелге шыққаным — Лондонға баруым. Ол кезде менің жасым 79-да болатын. Мен, негізі барғым келмеген. Немерелерім бармасыма қоймай, ертіп кетті. Басында ұшақты көтере алмайтын шығармын деген қорқыныш болған. Бірақ, бәрі жақсы болды. Өзімізбен бірге қазы-қарта алып шыққандықтан, тамақтануға байланысты аса қиындық болмады. Бірақ, Лондонның тамағы да көңілімнен шықты. Одан кейін балаларым Тайландқа баруға ұсыныс тастады. Сол жерге барып күнге қыздырынып, джунглиді өз көзімізбен көріп, экзотикалық жануарларды тамашалап қайтайық деген соң бардым. Мен олардың тілдерін түсінбеймін ғой. Олар өз тілдерінде, мен — өз тілімде сөйледім. Бірақ, ол жердің құрт-құмырсқаларын жей алмадым, тек сорпа іштім», — дейді әжей.

66(18)

photo_158101

Әжейдің немересі Айдын Тоқсанбаева саяхат барысында болған қызықты оқиғалармен де бөлісті. Бірде әжейді жоғалтып алыпты. «Біз жағажайда күнге қыздырынып, демалып жатқан едік. Көзіміз ілініп, ұйықтап кетіппіз. Содан бір уақытта оянсақ, әже жоқ. Бәріміз қорқып кеттік. Көршілерден сұрасақ, олар көрмеген. Іздеп жүріп, әжені теңіз жақтан таптық. Сөйтсек, әже суға шомылуға кетіпті. Ол шомылғанды жақсы көреді, тіпті судан шықпайды», — дейді Айдын.

90(6)

Әженің тағы бір ерекшелігі — қай жерге барса да, қазақтың ұлттық киімін киіп жүреді. Немерелерінің айтуынша, әжелер тек үйде отыру үшін жаралмаған. Отбасымен саяхаттау арқылы біз осыны дәлелдегіміз келеді дейді Айдын. «Біздің шығынымызды әкеміз көтереді. Бірақ, біз барынша үнемдеп, саяхатқа ақша жинауға тырысамыз. Әже, бұйыртса, келесі жылы Меккеге барғысы келеді», — дейді немересі.

83(5)

Әжейдің саяхат барысында түскен қызықты суреттерін назарларыңызға ұсынамыз:

70(12)

Әжей ұлымен бірге Луврда

71(10)

Париждегі Эйфель мұнарасының жанында

75(11)

Диснейлендтегі әткеншектерге мінуге кезек күтіп тұрған сәті

880

Әжей Барселонада

91(6)

Тайландтағы жануарлар бағында

96(7)

Әжемізге ұзақ ғұмыр тілейміз!

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz