Қазақстандық ғарыш жобаларына бөлінетін қаражат анықталды

қаражат
Фото: Yorick.kz

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда ғарыш жобаларын жетілдіру мақсатында қаражат бөлінеді. «Зенит» зымыран жүйесінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымын ұстау және пайдалану үшін «Бәйтерек» БК 1,2 млрд теңге алады, деп хабарлайды LS.

Бұл қаражат 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес бөлінеді.

Бұрын хабарланғандай, «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Зенит» ҒЗЖ-і Ресейдің жалдамасынан шығып, 2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанға тиесілі болады.

Бұдан басқа, Қорғаныс министрлігі мен Аэроғарыш саласы 2018 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» жарғылық капиталын ұлғайту үшін 5,4 млрд теңге алады. Қаражат ғарыш жүйелерін, технологияларды және оларды пайдалануды, сондай-ақ құрастыру-сынау кешенін құру үшін пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ, авариялар мен апаттар үшін төтенше жағдайда қоңырау шалу үшін ақпараттық жүйені құру қарастырылған. Үш жыл ішінде (2018-2020 жж) министрлік бұл жұмыстар үшін 696,3 млн теңге алатын болады.

Ресей тарапынан жалға берілмеген Байқоңыр ғарыш айлағының объектілерін қайта өңдеу және жөндеу үшін 148 млн теңге бөлінеді. Ал осы объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 57,7 млн теңге беріледі.