Қазақстандық автокөліктерді сатып алуға жеңілдікпен несие беріледі

569
Қазақстандық автокөліктерді сатып алуға жеңілдікпен несие беріледі

Автоөндірісті қолдауға үкімет тарапынан бағытталған 20 млрд теңгенің 15 миллиарды азаматтарға жеңілдікпен автонесие алуға арналады. Мемлекеттік көмектің арқасында тұтынушылар үшін қазақстандық автокөлік бағасы 3-5 есе арзандайды. Бұл туралы «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының Өскемен қаласында өткен жиналысында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ директоры Ержан Мандиев мәлімдеді.

«Қазақстандық автокөлік сатып алатындардың 95%-ы — жеке тұлғалар. 10 адамның алтауы несие арқылы көлік алады. Алайда, соңғы кезде теңге тапшылығы байқалады», — дейді ол.

Мадиевтың сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржы аталған мәселені шешуі керек.