Қазақстандық банктер қазынаны 96 млрд теңгеге толықтырды

теңге
Фото: conveniocolempresarial.blogspot.com

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-мамырында мемлекеттік бюджет 2,8 трлн теңге салық төлемімен толықты. Ал кіріс салығы 986 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Салық түсімі 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 14 пайызға өскен. Жылдық жоспар 42 пайызға орындалды. Қазіргі кезеңдегі жоспар 5,3 пайызға артығымен орындалды. Жалпы салық түсімі 2,8 трлн теңге болса, оның ішінде кіріс салығы 986 млрд (+6%) теңгені құрады. Ал ішкі салық 991 млрд теңге (+18%), халықаралық сауда салығы — 443 млрд тенге (+27%), әлеуметтік салық — 230,4 млрд тенге (+11,3%) және жеке мүлік салығы 138,3 млрд тенге (+17,5%) теңгеге жетті.
Барлық салық түсімдерінің 3 пайызы ірі екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) үлесіне тиесілі. 36 екінші деңгейлі банктің 21-і ірі салық төлеушілер ретінде мойындалды. 2017 жылдың қаңтар-мамырында ЕДБ бюджетке 96 млрд теңге төлем жасады. Бұл 2016 жылдағы көреткіштің 58 пайызын құрайды. Оның 55 пайызы Qazkom-ға тиесілі. Қазкомның салық төлемі 29 млрд теңге, ал ҚР Халық банкінің салық төлемі 24,2 млрд теңге болды.

2016 жылы олар жасалған төлем 34 пайызға артып, 165,8 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде Qazkom-ның салық төлемін 2,5 есе көбейіп, 43 млрд теңгеге жетті. 2015 жылы бұл көрсеткіш 17 млрд теңгені құрған. Ал Халық банк салық төлемін 3 пайызға арттырған.