Қазақстандық банктерге хакерлік шабуыл басталды

571
хакерлік

Алматы. 28 қыркүйек. 7kun.kz — Соңғы бірнеше тәулікте қазақстандық банктердің серверлеріне хакерлік шабуылдардың жиілегені байқалды. Бұл туралы Qazkom әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Qazkom-ның мәлімдеуінше, хакерлер шабуылына ұшыраған банктер қатарында Homebank те бар. Банк қызметкерлері көптеген IP адрестерден жасалған Ddos-шабуылдарды байқаған. Мұндай хакерлік шабуылдар өз кезегінде банк порталының бұғатталуына алып келеді.

«Банк қызметкерлері сайт және тұтынушылар шоттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салады. Сол себепті банк операцияларындағы кідіруі мен порталдың уақытша жұмыс істемейтіндігі үшін кешірім сұраймыз»,-делінген Qazkom-ның мәлімдемесінде.

Мейірхан Амангелдиев