«Жеке тұлғалар Кедендік одақтың кедендік шекарасынан алып өтетін тауарларын жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың белгілерін айқындау туралы» бұйрыққа 31 наурыз күні қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қол қойған болатын. Бұйрық 2 мамыр күні күшіне енді. Аталған шектеулер e-commerce нарығын сақтау үшін жасалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстандық азаматтар шетелден құны 1 мың еуроға дейінгі және салмағы 31 кг-ға дейінгі сәлемдемелерді айына бір рет қана қабылдай алады. Мұндай жағдайда кеден баж салығы төленбейді.
Құжат бойынша шектеуге алынатын тауарлар:
1) шикізат тауарлары: тауарлар өндіруге арналған жартылай фабрикаттар; жиынтық бұйымдар;
2) мына көрсеткіштен асып кетпеу тиіс:
- киім – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу);
- бас киімдер – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу);
- аяқ-киім – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу) ;
- тағам – 1 адамға 10 (он) килограмм ;
- жеке тазалық бұйымдары мен парфюмерлік-косметикалық бұйымдар – бір адамға атауы бірдей 3 (үшеу);
- тұрмыстық ыдыстар мен аспаптар – бірдей үлгідегі комплект немесе сервиз (бір адамға) 2 (екеу);
- төсек-орын жабдықтары – бір адамға бір үлгідегі комплект 2 (екеу);
- фото-, аудио-, видео-, тұрмыстық техника және электр бұйымдар – әр түрінен бір адамға 1 (біреу) бұйым;
- ұялы телефон – бір адамға 2 (екеу);
- планшет – бір адамға 1 (біреу);
- портативті тасымалданатын компьютерлер мен олардың қосымша жабдықтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (біреу);
- ақпарат тасымалдаушылар (қатқыл диск, флэшка, флэш-карта) – бір адамға 1 (біреу);
- зергерлік бұйымдар – бір адамға 6 (алты) бұйым;
- басылымдар, видео-, аудиокассеталар, компакт дискілер, фотопленкалар — бір адамға әр түрінен 10 (он) данадан;
- велосипед – бір адамға 1 (біреу);
Бұған дейін кеден бажы салынбайтын жеткізілімдердің жиілігі айына бір реттен аспауы тиіс деп хабарлаған болатынбыз.