Экономика
Қазақстандықтар баж салығынсыз жөнелтетін және қабылдайтын тауар түрлерінің тізімі
«Жеке тұлғалар Кедендік одақтың кедендік шекарасынан алып өтетін тауарларын жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың белгілерін айқындау туралы» бұйрыққа 31 наурыз күні қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қол қойған болатын. Бұйрық 2 мамыр күні күшіне енді. Аталған шектеулер e-commerce нарығын сақтау үшін жасалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстандық азаматтар шетелден құны 1 мың еуроға дейінгі және салмағы 31 кг-ға дейінгі сәлемдемелерді айына бір рет қана қабылдай алады. Мұндай жағдайда кеден баж салығы төленбейді. Құжат бойынша шектеуге алынатын тауарлар: 1) шикізат тауарлары: тауарлар өндіруге арналған жартылай фабрикаттар; жиынтық бұйымдар; 2) мына көрсеткіштен асып кетпеу тиіс:- киім – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу);
- бас киімдер – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу);
- аяқ-киім – өлшемі, үлгісі бірдей заттар (бір адамға) 2 (екеу) ;
- тағам – 1 адамға 10 (он) килограмм ;
- жеке тазалық бұйымдары мен парфюмерлік-косметикалық бұйымдар – бір адамға атауы бірдей 3 (үшеу);
- тұрмыстық ыдыстар мен аспаптар – бірдей үлгідегі комплект немесе сервиз (бір адамға) 2 (екеу);
- төсек-орын жабдықтары – бір адамға бір үлгідегі комплект 2 (екеу);
- фото-, аудио-, видео-, тұрмыстық техника және электр бұйымдар – әр түрінен бір адамға 1 (біреу) бұйым;
- ұялы телефон – бір адамға 2 (екеу);
- планшет – бір адамға 1 (біреу);
- портативті тасымалданатын компьютерлер мен олардың қосымша жабдықтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (біреу);
- ақпарат тасымалдаушылар (қатқыл диск, флэшка, флэш-карта) – бір адамға 1 (біреу);
- зергерлік бұйымдар – бір адамға 6 (алты) бұйым;
- басылымдар, видео-, аудиокассеталар, компакт дискілер, фотопленкалар - бір адамға әр түрінен 10 (он) данадан;
- велосипед – бір адамға 1 (біреу);
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024