Қазақстандық индустрияны дамыту институтына жаңа басшы тағайындалды

индустрияны
Фото: inform.kz

Астана. 28 шілде. 7kun.kz — «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан индустрияны дамыту институты» (ҚИДИ) АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Бекенов Берік Темірғалиұлы «ҚИДИ» АҚ басқармасының төрағасы болып сайланды», — делінген хабарламада.

Берік Бекенов бұған дейін 2012 жылдан бастап ҚР ИДМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.