Қазақстандық кинотеатрлар 11 млрд теңгеге жуық табыс тапты

кинотеатрлар
Фото: floridatoday.com

Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде кинотеатрлар 10,9 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2016 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15,9 пайызға жоғары, деп хабарлайды LS.

Жарнама нарығы 2017 жылы 18,6 пайызға артып, 141,9 млрд теңгеге жетті. Жарнамалық агенттіктер 125,3 млрд теңгені (19,5 пайызға өсті), бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамасы 2,7 млрд теңгені (32,5 пайыз төмендеді) және нарықты зерттеу 13,8 млрд теңгені (27,7 пайызға өсті) құрады.

Бұдан басқа, киностудиялар қаражаты 9 ай ішінде 11,7 млрд теңгеге жетті. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 74,6 пайызға жоғары. Ол кездегі табыс көзі 6,7 млрд теңге болған.

Сонымен қатар, құмар ойындар мен казино ұйымдарының ақшалай түсімі 14,1 пайызға (12,2 млрд теңгеге дейін) қысқарды.