Қазақстандық операторлардың интерконнект мөлшерлемесі 1,6 есе төмендейді

418
Қазақстандық операторлардың интерконнект мөлшерлемесі

2016 жылы қазақстандық ұялы байланыс операторларының интерконнект мөлшерлемесі 2015 жылдағы 8 теңгеден 5 теңгеге дейін төмендейді деп хабарлайды Қазақстанның инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (ҚР ИДМ БААК) баспасөз қызметі.

Мөлшерлеменің төмендеуі байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде вице-министр Асқар Жұмағалиевтың төрағалығымен өткен «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және «Алтел» ЖШС ұялы байланыс операторларының мәжілісі нәтижесінде бекітілді.

2012 жылдың желтоқсанында ұялы байланыс операторлары үш жыл ішінде интерконнект мөлшерлемесін жыл сайын 15%-ға төмендетіп отыру туралы бірлескен меморандумға қол қойған еді.