Қазақстандық провайдерлердің жартыжылдық табысы жарияланды

Ағымдағы жылдың жарты жылында еліміздегі интернет-провайдерлердің табысы 96,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 20%-ға жоғарылаған деп жазады ranking.kz.

Пайдаланған  қызметі үшін әр тұтынушы интернет-компанияларға орта есеппен 45,5 мың теңге көлемінде кіріс әкелген.

Жоғары кіріс көшін астаналық провайдерлер бастап тұр. Осы жылдың алғашқы жартыжылдық көрсеткіші – 15,3 млрд теңгені көрсетті.

Екінші орында Алматы облысы аумағында қызмет көрсеткен интернет-компаниялар. Олардың жартыжылдықтағы табысы 2,9 млрд көлемінде.

2,3 млрд теңге табысымен Оңтүстік Қазақстан облысының интернет-провайдерлері үшінші орынға орналасты.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 2,1 млн интернет-тұтынушы тіркелген.