Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz - Ақпан айында әрбір қазақстандық дүкен мен базардан тауар сатып алуға орта есеппен 56,1 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,6 пайызға көп. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.
2017 жылдың ақпанында бөлшек сауда көлемі 567,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,9 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға көп. Ең көп бірайлық өсім Атырау облысында (+14,7 пайызға, 19,7 млрд теңгеге өскен) тіркелді.
Орта статистикалық қазақстандықтың жан басына ақпан айында 56,1 мың теңгелік чектен келеді. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда - мың теңгеге, өткен жылмен салыстырғанда 7,2 мың теңгеге көп.
Ең жоғары орташа чектер Алматыда (106,2 мың теңге, қаңтармен салыстырғанда +3,3 теңгеге) және Атырау облысында (әрбір тұрғынға орта есеппен 68,9 мың теңге, +8,8 теңге).
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





