Қазақстандықтар Астана-Щучинск автобанымен жүру ақысын терминал арқылы төлей алады

645
Қазақстандықтар Астана-Щучинск автобанымен жүру ақысын термин

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Astana-Plat» ЖШС-мен бірлесе отырып «Астана-Щучинск» бағытындағы жолмен жүру құнын «Касса 24» терминалдары арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Төлем жүргізгенде терминалға автокөліктің мемлекеттік нөмірін енгізу керек, кейін көлік төлем қабылдау пунктіне таяғанда видеотіркегіш көлік нөмірін есепке алады.

«Бұл Астана-Щучинск» жолындағы төлем қабылдау пункттеріндегі ұзын-сонар кезектен құтылуға мүмкіндік береді», — деді «ҚазАвтоЖол0 ҰҚ» АҚ ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Лаура Ақмолина.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ 2013 жылдың ақпан айында құрылған және Қазақстанның автокөлік жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор болып бекітілген.